Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

СКАиП-қа қош келдіңіздер!


Біздің колледж туралы ақпаратты осы сайттың беттерінен біле аласыздар. Бізде білім алғысы келетіндер мен колледжбен ынтымақтастық орнатуға ниет білдірген жандардың барлығын қуана қарсы аламыз! Біз үшін колледж және сайт туралы Сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Өз пікірлеріңіз бен тілектеріңізді қалдырыңыздар. Сайтта берілген ақпарат Сіздер үшін пайдалы әрі қызықты болады деп үміттенеміз.

Колледж миссиясы


Өңір мен қоғамның тұрақты дамуына жәрдемдесу мақсатында кәсіби даярлықтың үздіксіздігі және инновацияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Картинка
Картинка
Картинка

Біздің жаңалықтар

Колледжіміз жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік 100 студенті» республикалық байқауына белсенді қатысып, өз өңіріміздің намысын абыроймен қорғап келеді.

Колледжіміз жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік 100 студенті» республикалық байқауына белсенді қатысып, өз өңіріміздің намысын абыроймен қорғап келеді. Бірнеше жылдан бері студенттеріміз байқаудың жүлдегерлері атанып, өздерінің білімін, кәсіби құзыреттіліктерін және дамуға деген ұмтылысын жоғары деңгейде көрсетіп келеді. Биыл да колледжіміз аталған байқауға қатысып, өңірлік кезеңнің жеңімпазы атанды! 🏆 Қазіргі уақытта республикалық кезеңнің қорытындысын асыға күтудеміз. […]

14.09.2026
Бүгін Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өтті.

Бүгін Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өтті. Іс-шара барысында қызметкерлер мен студенттер өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін, ғимараттан эвакуациялау ережелерін және төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларын пысықтады. Мұндай оқу-жаттығулар қажетті дағдыларды бекітуге көмектесіп, қауіпсіздік әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты екенін еске салады.    

11.09.2026